Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Директор
блогы



Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Директоры
Директорге жазу
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Сайтқа көшу
12.06.2019

ALTYN SHIPAGER табыстау рәсімі

Ең үздіктер: медициналық қызметкер күніне орай гала-концерт

Елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында «Jastar Jyly» жастар жылы және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар энергиясы – елордалық денсаулық ісінің сенімді болашағы» атты медициналық қызметкер күніне арналған, ауқымды іс-шара өткізілді.

Іс-шараның басты оқиғасы екінші жыл сайынғы «ALTYN SHIPAGER» медициналық сыйлығын табыстау рәсімі болды. Бұл сыйлық медициналық қоғамның рухын көтеру және ақ халатты абзал жандарға жасап жатқан қызметтеріне үлкен көңіл аудару мақсатында құрылған.
Сыйлық лауреаттарын өткізу дәстүрге айналғанын атап өту керек. Аталмыш медициналық сыйлықты тапсыру дәстүрі өткен жылдан бастау алған.

Кеше үздік деген дәрігерлерге құрмет көрсетіліп, оларға медальдар, грамоталар және ақшалай сертификаттар тапсырылды. Сыйлықты тапсыру медициналық салада қоғамдық сананы жаңғырту, жас әрі келешегі зор дәрігерлерді қолдау бойынша міндеттерді іске асыруға бағытталған.

Салтанатты рәсім ҚР Денсаулық министрі Елжан Біртановтың құттықтау сөзі мен бірінші номинацияны табыстаудан басталды. Министр «Ең үздік жас учаскелік дәрігер» номинациясында жеңіп алған жеңімпазды - «Ниет» отбасылық денсаулық сақтау орталығының жалпы тәжірибелік дәрігерін Салтанат Такееваны жеке құттықтап, «Алтын шипагер» мүсіншесі мпен 1 млн.теңге қаржылай сертификатын табыстаған еді. Сондай -ақ, Елжан Амантайұлы ведомстволық грамоталарды, медальдар мен мемлекеттік ордендерді тапсырды.

Келесі құттықтау сөзі Нұр-Сұлтан қаласының әкім орынбасары Ерлан Каналимовқа берілді.
"Бүгін елордалық денсаулық сақтау алдында күрделі қажетті міндеттер тұр. Денсаулық сақтаудың тиімділігін арттыру, қазіргі заманғы технологиялар мен практиканы енгізу, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жетілдіру, білікті кадрларды дайындауға баса назар аудару қажет",- деп атап өтті Е. Каналимов. Сондай-ақ әкім орынбасары «Пациентке бағытталуы бойынша ең үздік медициналық ұйым» атты екінші номинацияның жүлдегері - Қалалық №10 емхананы құттықтады.

"Алтын шипагер" медициналық жүлде табыстау рәсімі қазіргі вице-министр Камалжан Надыровтың бастаумыен өткен жылы да ауқымды түрде өткен болатын. Басқарма басшысы болған тұсында оның бастамасымен бүгінде біз үздіктерді құрметтеу мүмкіндігіне, салтанатты іс-шарымызды жүргузі мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Осы жылда өткен іс-шарамызға құрмет білдіріп келген вице-министрдің қатысуы біз үшін үлкен қупныш болғаны сөзсіз. Сондай-ақ Камалжан Надыров "Цифрландырудың көшбасшысы" номинациясында жеңіп алған Қалалық №7 емхананы марапаттады.

Салтанатты кеш барысында іс-шара шеңберінде 11 номинациядағы жеңіпаздар медальдар мен естелік сыйлықтарынан басқа, басты сыйлық – ардақты лавр бұтағын алды. Лавр ағашы – бұл жеңіс, қорғау, мәңгілік, құпия және таза білім символы, мұнымен бірге лавр ежелден ұзақ өмір сүру, , жаңа өмір символы, тәнін ғана емес, сонымен қатар жанын тазартатын, емдік ағаш болып есептеледі. Мүсінше 24 карат алтыны бар тірі лавр бұтағымен қапталған.
Салтанатты іс-шара барысында көрермендердің назарына бейне-роликтер ұсынылды, онда пациенттер игілікті мамандық адамдарына шын алғысын білдіріп жатқан кадрлар көзге түсті.

11 номинация құрамында беделді номинацияның бірі - «Қамқор» номинациясымен «Доктор рекомендует» бағдарламасының авторы, тележүргізушісі Айнұр Тажина BI Жұлдызай қоғамдық қорын марапаттады.

«Денсаулық сақтаудың тиімді менеджері» номинациясының сыйлығын Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов Қалалық жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері Мұратов Тимур Мұратұлына салтанатты түрде тапсырып, құттықтады.
«Ең үздік орта медициналық қызметкер» номинациясының жеңімпазы болған Перинаталды №2 орталығының медбикесі Амирова Менсұлу.

Комиссия шешімі бойынша Қалалық №2 балалар ауруханасы «Хабар» агенттігінің атынан арнайы «Телеарнаның арнайы сыйлығы» номинациясына ие болды.Номинацияны табыстаған белгілі тележүргізуші, журналист Мая Бекбаева.

«Бірегей операция жүргізгені үшін» номинациясында жеңіп алған Қалалық №2 балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Жайлганов Азамат болды.

«БАҚ-та үздік жариялау» номинаясының жүлдегері «Астана ақшамы» газетінің тілшісі, елордалық денсаулық сақтау саласы жайлы үнемі жазып жүрген Айгүл Уайсова болды.

«Диагностика мен емдеудің жаңа әдісін енгізгені үшін» сыйлығымен Қалалық №1 ауруханасының ортохирургия және эндопротез бөлімінің меңгерушісі Ботаев Руслан марапатталды.
"Жедел жәрдемнің үздік бригадасы» номинациясындағы наградаға жедел медициналық жәрдем қызметінің анағұрлым тәжірибелі бригадаларының бірі Қалалық жедел-жәрдем станциясының «Сарыарқа» подстанциясының №1 бригадасы лайық болды.

Цифрландыру қазіргі өміріміздің барлық саласына енгізіліп жатыр, осы орайда денсаулық сақтау да қалыс қалған жоқ. «Цифрландырудың көшбасшысы» атты сыйлықтың иесі Қалалық №7 емхана аттанды.

Аталған іс-шара ауқымды шоу форматында, Ағайынды Жүгінісовтер, Di-art-style тобы, Дастан Оразбеков, Gentlemeen тобы және т.б. секілді, отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған концерттік бағдарламамен өтті. Іс-шараның жүргізушілері белгілі тележүргізуші, журналист әрі дизайнер Динара Сәтжан және жүргізуші шоумен Арман Момынов болды.
Іс-шара аяқталған соң салтанаттың қонақтары, ақ халаттарын киіп, бәрі жұмылып медициналық әнұранды айтып шықты.

Сыйлықты тапсыру кезінде басты критерийі пациенттердің қажеттіліктеріне сындарлы әрі тиімді жауап беру қабілеттігі еді, себебі медициналық жәрдемнің қолжетімділік және сапа көрсеткіштері дәстүрлі түрде табысты мемлекеттің индикаторлары болып табылады.
Объективті іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылды, оның құрамына медицина саласындағы машықтанушы және жетекші мамандар кірді, қызметкерлердің 15 мың әскерінен өтінімдер бойынша ең үздіктері таңдап алынды, дәрігердің қызметі бағаланды, медициналық қызметкердің жұмыс өтілі мен кәсібилігі ескерілді.

Аталмыш салтанатты жиын Нұр-Сұлтарн қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен қалалық әкімдіктің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Тізімге қайта оралу