Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Директор
блогы



Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Директоры
Директорге жазу
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Сайтқа көшу
02.10.2018


Жедел жәрдем жүргізушілері жеке автокөлік иелеріне жиі шағымдана бастады. Фельдшерлер жедел шақыртуға шыққанда экстремалды көлік жүргізу курсына сынақ тапсырып жатқандай әсерде қалатынын айтты.  Кейбір жүргізушілер жол бермек түгілі, көлденең кесіп өтеді, кейде жұдырық ала жүгіретін кездері де болады. Оған жақында ғана Алматыда болған оқиғада түрік азаматының жолды бөгеп, жедел жәрдем көлігінің жасы егде жүргізушісіне қол көтергені дәлел.  

Осындай келеңсіз жайттарды болдырмау мақсатында және де жүргізушілер арасында көлік тәртібін жоғарылату үшін Астана қ. ІІД жергілікті полиция қызметі арнайы дыбыстық белгісі бар (жедел жәрдем) және көк пен қызыл түсті маякты қосып жағып алған транспорт құралдарына жол бермеген тұлғаларды анықтау бойынша рейдтік шара өткізді. Бірнеше күн жүргізілген профилактикалық шарада жүргізушілер тарапынан болған 10-нан аса бұзушылық оқиғасы тіркелді.

«ҚР ҚжӘҚБ» туралы Кодекстің 598 бабы бойынша (Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтік көлiктің жүруiне басымдық бермеген) көлік құралының жүргізушісі он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді Астана қ ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.  





Тізімге қайта оралу