Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Директор
блогы



Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Директоры
Директорге жазу
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Сайтқа көшу
27.09.2021

Елорда тұрғындарының 65%-дан астамы КВИ-ге қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтанда коронавирустың бірінші компонентімен 452 мыңнан астам азамат екпе алды. Оқу жылының басынан бастап вакцинацияланғандардың қатарын оқушылардың ата-аналары жиі толықтыра бастады, деп Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

«Вакцинация пункттерін аралау кезінде екпе алу үшін отбасы болып келетіндерді байқады: ата-аналары, бауырлары, әпкелері, үлкен кісілер. Мұны көріп біз таң қалдық, өйткені бұл азаматтардың өз денсаулығына, әсіресе балаларына деген алаңдаушылығы артуын білдіреді. Оқу жылы басталды, бұл процедураны кейінге қалдыруға болмайды. Себебі балалар арасында ауру пайда бола бастады, ауыр зардаптарға жол бермеу керек. Әрине, балаларды мектепке тек мұғалімдердің, оқытушылардың өздері екпе алған кезде ғана жіберуге болады. Бүгін Нұр-Сұлтан мектептерінде бүкіл ұжым вакцинацияланды», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Ведомство сонымен қатар күздің басталуымен маусымдық жұқпалы аурулар саны артып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан қазір өзіңізді қорғау және инфекцияға қарсы вакцинациялау өте маңызды.  

«Көпшілік білетіндей, күзде ЖРВИ, тұмау ауруы басталады. Күзде біз балаларға алдын-алу үшін манту жасаймыз, азаматтарды тұмауға қарсы вакцинациялаймыз, қазан айында басқа да профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Өзіңізді аурулардан қорғау үшін екпені уақытылы алу керек. Тәжірибе көрсеткендей, басқа жұқпалы аурулар мыңдаған адамның өмірін қиған КВИ сияқты қауіпті емес», - деп атап өтті басқармада.

Екпе арқылы ғана денсаулықты қорғауға, пандемияны жеңуге, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға болады.

Тізімге қайта оралу