Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Директор
блогы



Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Директоры
Директорге жазу
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Сайтқа көшу
24.07.2019

Елордада үздік жедел жәрдем қызметкерлері сынға түсіп жатыр.

Елордада үздік жедел жәрдем қызметкерлері сынға түсіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер бүгін ашық алаңда жарысқа түсті. Науқастың өмірін арашалап қалуда тез, әрі дұрыс шешім қабылдап, ем-дом жасау аса маңызды. Сондықтан сайыс барысында медицина қызметкерлері тосыннан берілген түрлі тапсырмаларды тез, әрі дұрыс орындау үшін білімі мен білігін паш етті.  Жедел жәрдемшілердің күнделікті жанталасқан жұмысы дерсің. Бұл жолы олар толғағы қысқан жүкті әйелді аман-есен босандырып алуы қажет. Бригада мүшелерінің жедел әрекетінің арқасында бала да, ана да сау.

Сайыстағы тапсырамалар барынша, шынайы өмірдегі жағдайға келтірілген. Науқастың ахуалын медициналық топ оқиға орнына келген соң барып қана біледі.  

Тахир Әбдиев  Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметінің дәрігері: Күнделікті өмірде біз енді кезекшілікте жүрген дәрігерлерміз ғой. Күнделікті кездесіп жүрген нәрсе. Мына жақта енді басқаша жағдай, жан-жағымызда камера болғандықтан, әрине қобалжу болады, сасқалақтап қаламыз.  

Адам жанын арашалау — абыройлы іс. Дегенмен, ережеге жүгінбесе, соңы орны толмас өкініштерге әкелуі мүмкін. Қатысушылардың іс-әрекеті дұрыс болуы үшін озық медициналық  құрал-жабдықтар пайдаланылып жатыр.      

Шерхан Жамбылұлы, тілші:  

Жарысқа қатысушылар мынадай манекендерде алғашқы көмекті көрсетіп жатыр. Жүрек талмасы ұстаған мына науқасқа бірінші 30 мәрте кеуде тұсынан басып, аузына ауа беріледі. Алғашқы көмектің дұрыс-бұрыстығын аппарат өзі айтып береді.   Сайысқа барлығы 17 топ қатысты. Олардың  іс-әрекетін білікті дәрігерлер бақылап, бағасын береді.  

Назигүл Рымбаева, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының  блок меңгерушісі: Әрбір өңірдегі жедел жәрдем қызметінің деңгейін білу және оған қандай көмек көрсету мақсатында. Негізгі мақсатымыз осы болғандықтан еуропалық және америкалық стандарттарға сәйкес болуы үшін. Қазіргі таңда өлім-жітім жоғары. Жол апаты, жүрек-қан-тамырлары аурулары көп. Соны азайту мақсатында.  

Жедел-жәрдемшілердің жарысы ертең де жалғасады. Үздік атанған топтарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар қарастырылған.


Тізімге қайта оралу