Нұр-Султан қаласындағы жедел жәрдем станциясына тыныс алуда қиындық тудыратын балаларға шақырулар саны аз емес.
Осындай жағдайлардың бірі туралы толығырақ айтқымыз келеді.
31.03.2019 жылы кешкісін «103» пультіне «Бес жасар балаға ауа жетпей есінен танып қалды» деген себеппен баланың анасынан шақыру түсті. Шақыру Байқоңыр қосалқы станциясының жедел медициналық жәрдем бригадасына берілген, шығу бригада санаулы секундтар ішінде шақырылған мекенжайға жеткен. Шығу бригадасының құрамында: дәрігер Д.Ж.Жунусова, фельдшер М. Кожамкулов және автокөлік жүргізуші А. Сергеев болған.
Шақыру орнына ЖМЖ бригадасы келген кезде балада клиникалық өлім анықталады, дереу реанимациялық іс-шаралар басталады.
Реанимациялық іс-шарадан кейін баланың өмірлік маңызды қызметтер қалпына келтіріліп, балада өз бетінше тыныс алу пайда болып, пульс қалпына келтірілді, кішкентай пациенттің жағдайы жақсарды.
Құтқарылған бала Нұр - сұлтан қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді және реанимациялық бөлімінің дәрігеріне берілді
Қазіргі уақытта, әріптестеріміздің деректері бойынша, кішкентай пациентіміз реанимация бөлімінен шығарылып, жалпы палатада емдеу курсынан өтіп жатыр.