Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Нұр-Сұлтан қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ
"Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездесу
07.06.2021
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездесу
Кәсіпорын базасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде жедел медициналық жәрдем қызметін цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЖМЖ бригадаларын отандық өндірістің планшеттерімен жабдықтау мәселелері талқыланды. Кездесуде планшеттердің қажеттілігі мен техникалық сипаттамалары анықталды. Кездесу қатысушылары Кәсіпорынның диспетчерлік қызметі мен ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.
Толығырақ
Мен Қазақстан елімнің патриотымын!
04.06.2021
Мен Қазақстан елімнің патриотымын!
Мен Қазақстан елімнің патриотымын!
#МеніңРәміздерімМеніңМақтанышым #МемлекеттікРәміздерКүні

https://www.facebook.com/100022114749173/videos/970399910373825/

https://www.instagram.com/p/CPsmoSCJ297/?utm_medium=share_sheet
Толығырақ
WEINMANN Emergency компания өкілдерімен жұмыс кездесуі
02.06.2021
WEINMANN Emergency компания өкілдерімен жұмыс кездесуі
Кәсіпорын базасында WEINMANN Emergency компаниясының өкілдері Камиль Баначекпен және Михаил Ивановпен жұмыс кездесуі өтті. WEINMANN Emergency 45 жылдан астам уақыт бойы жедел медициналық қызметтерге арналған медициналық жабдықтарды дамытуда. Кәсіпорынның автомобильдерінің көпшілігі осы компанияның техникалық құралдарының ассортиментімен жабдықталған.
Кездесу барысында медициналық жабдықты пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету мәселелері талқыланды. Камиль Баначек кәсіпорын жұмысына, ЖМК бригадаларын жабдықтау стандартына сәйкес жабдықтармен жинақтау, Оқу-Симуляциялық орталық пен жедел-ақпараттық диспетчерлік бөлімнің жұмысына жоғары баға берді.

Толығырақ

Тарихи анықтама

Жедел және шұғыл медициналық жәрдем қызметінің даму тарихы Нұр-Сұлтан қаласында өз жолын 1932 жылғы 14 ақпаннан бастайды, Ақмоланың 1 қалалық ауруханасының базасында жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету жөніндегі бөлімше ашылды. Бірінші станция негізінен күндізгі уақытта, қалаға ат көлігімен 2 фельдшер қызмет көрсетті.

Бірінші рет, 1939 жылдың наурызында, қалада шұғыл көмек көрсету және жас босанған әйелдерді тасымалдау үшін аттылы көліктің орнына санитарлық автомобиль пайда болды, ол ат көлігін ауыстырды. Ұлы Отан Соғысы жылдары жедел жәрдем қызметі жаңа деңгейге көтерілді. Қосымша санитарлық автомобиль берілді. Қалада жергілікті эвакопункт және ЭГ № 3006 эвакогоспиталь ашылды. Көптеген жоғарғы білікті мамандар келді, олар жұмыспен қамтамасыз етілді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету айтарлықтай жақсарды, тиісті құрал жабдықтар берілді.          

1959 жылғы 20 қаңтарда жедел жәрдем станциясына бірінші «УАЗ» санитарлық автокөлік берілді. 

1991 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық жедел жәрдем станциясы қайтадан дербес емдеу мекемесіне бөлінді.

Станцияның бірінші бас дәрігері болып Воля Марковна Клешня тағайындалды.

1968 жылғы 22 сәуірде станцияны В.И. Лозовой басқарды, «Волга» маркалы санитарлық көлік пайда болды. Қысқа мерзімде бас дәрігер А.И. Галузинская болды.

1972 жылғы 1 сәуірде станция бас дәрігері болып В.Н. Кеппель тағайындалды.

1991 жылғы 1 қаңтарда қалалық жедел жәрдем станциясына қайтадан дербес емдеу мекемесіне бөлінді.

Станцияны соңғы он жылдан аса Б.А. Сулейменова басқарды, жоғарғы санаттағы дәрігер, жедел жәрдем бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы болатын.

1998 жылдан бастап астаналық мәртебесін алған кезде жедел жәрдем станциясының жаңа өркендеуі басталды.

Астананың тұрғындары және қонақтарынан  тәулік ішінде  103 пультіне шамамен 1 200 қоңырау келіп түседі. Тұрғындардың шақыруларын 7 пульт  қабылдайды. Диспетчерлік бөлімше  2003 жылдан бері «AДИС» АБЖ БК заманауи автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған, онда шақырулар шұғыл санаттар бойынша сұрыпталады.

Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем қызметі астанамен бірге өсіп, дамып келеді. 2012 жылдың сәуір айында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ISQUA халықаралық стандарттар жүйесі бойынша аккредиттеуден сәтті өтті.

2016 жылғы 10 маусымда Алматы қаласында өткен жедел жәрдем бригадаларының Республикалық жарысында ҚЖМЖС бригадасы жүлделі бірінші орынға ие болды.

2016 жылдың 14-15 қыркүйегінде Литвада өткен жедел медициналық жәрдем Халықаралық жарыстарында ҚЖМЖС бригадасы III жүлделі орынға ие болды.

2017 жылғы 25-26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК жедел жәрдем бригадасы «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде жедел жәрдем қызметі мамандарының II Республикалық жарысында II орын алды.

Қазіргі уақытта станция жоғары білікті мамандары бар және өзінің қорында заманауи жабдықтары, дәрі-дәрмектері мен санитарлық автокөліктері бар қаланың озық емдеу-профилактикалық мекемелерінің біріне айналды.

Нұр-Сұлтан қаласының жедел медициналық жәрдем қызметін тиімді ұйымдастыруды келесідей анықтағанын атап өткен жөн:

·         қызмет құрамында мамандандырылған бригадалардың болуы;

·         шақыруларды қабылдауды және бригадаларды шақыруға жіберуді жүзеге асыратын диспетчерлік қызметтің нақты жұмысы;

·         қосалқы станцияларды ұтымды орналастыру;

·         жедел жәрдем бригадалары мен қалалық стационар дәрігерлері арасындағы науқастар мен зардап шеккендерді емдеудегі сабақтастық;

·         клиникалардың ургенттігін ескере отырып, ауруханаға жатқызудың нақты жүйесі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК жоғары білікті және кәсіби мамандары бар, өз қорында заманауи жабдықтары, дәрілік препараттары және санитарлық автокөлігі бар Қазақстан астанасының жетекші медициналық мекемелерінің бірі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-да қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан 4 қосалқы станция және 10 қосалқы станция бригадаларын орналастыру пункттері жұмыс істейді, бұл жедел медициналық көмекті уақтылы жеткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді.

Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына госпитальға дейінгі кезеңде шұғыл және жедел медициналық жәрдем көрсетуді қамтамасыз етеді.