Бірыңғай Call-орталығы: iKOMEK109
|
![]() |
Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!
МӘМС(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) |
Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының ресми сайт парақшасында Сіздермен қауышқанымызға біз қуаныштымыз!
Сайтымыздың көмегімен Сіздерге жақындай түсеміз деп, жедел медициналық қызметтер көрсету мәселелерінде Сіздермен өзара түсіністік таба отырып, кері байланыс орнатамыз деп сенеміз.
Сіздердің кез-келген өтініштеріңіз назарымыздан тыс қалмайды.
Сіздердің ұсыныстарыңыз,ескертпелеріңіз қатерімізге алынады және жедел медициналық қызметті ұйымдастыруды жетілдіруде көмегін тигізеді.
Баршаңызға денсаулық тілеймін!
Аскаров Канат Кыргызбаевич - Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы
Туған күні: 1975 жылғы 12 мамыр
Туған жері: ҚазКСР
Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі, орыс тілі
Білімі бойынша мамандығы:
· Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы/ Карагандинская государственная медицинская академия (2001); Мамандығы: «Дәрігер гигиенист - эпидемиолог»;
· Карагандинский государственный индустриальный университет Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті; Мамандығы: «Экономика бакалавры»; «Техника және технология бакалавры»
Еңбек жолы:
· Қарағанды облысы СЭС радиологиялық лабораториясында техник-дозиметрист/техник-дозиметрист радиологической лаборатории СЭС Карагандинской области;
· Қарағанды облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті санитарлық қадағалау бөлімінің жетекші маманы;
· Қарағанды облысы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Қаражал қаласы бойынша басқарма басшысы;
· Теміртаудағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басқармасының басшысы;
· Қарағанды облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысы;
· Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері;
· Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық жедел медициналық көмек станциясы» КМК директоры;
· ҚР ДСМ «Республикалық медициналық авиация орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша өкілдігінің директоры;
· Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Саран қаласының орталық ауруханасы» КМК директоры;
· ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қарағанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
департаменті" РММ басшысы;
· Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының № 4 емханасы» КМК директоры;
· ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының орынбасары;
· ҚР ДСМ «Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасы;
· Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-нің директоры;
· Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы;