Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

Хоум Кредит банкі біздің қызметкерлерге 1750 жазғы киім жиынтығын сыйға тартты
12.06.2024
Хоум Кредит банкі біздің қызметкерлерге 1750 жазғы киім жиынтығын сыйға тартты
Мереке қарсаңында «Хоум Кредит» банкі қайырымдылық көмек көрсету аясында біздің жедел жәрдем қызметкерлеріне жазғы киімдердің 1750 жиынтығын сыйға тартты. Бұл жобаның бастамасы 2022 жылы құрылды, содан бері Хоум Кредит Банкі Алматы және Астана қалаларындағы жедел жәрдем қызметкерлеріне тегін қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Хоум Кредит Банкі өңірлердегі жедел жәрдем қызметкерлеріне қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруды жоспарлап, сол арқылы жобаның географиясын кеңейту көзделіп отыр.
Толығырақ
ҚР рәміздер күні
04.06.2024
ҚР рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілері!!!
Құрметті Отандастар, Көк туымыз әрқашан көгімізде желбіреп беибітшілікте, тұрақтылықта, ауызбіршілікте болайық!!!!
Толығырақ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті
29.05.2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті
        2024 жылғы 29 мамырда Кәсіпорынның акт залында комплаенс офицері Кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша тоқсан сайынғы түсіндірме және оқыту іс-шарасын өткізді.
    Іс-шара соңында 2024 жылдың 3 маусымы мен 2024 жылдың 15 шілдесі аралығында өтетін Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселесі бойынша кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтылатын кезең: 2023 жылғы 1 маусымнан 2024 жылғы 31 мамырға дейін.
Толығырақ

Полиция қызметкерлерінің кеңесі:
1. Ешқашан ешкімге өзіңіздің банк карточкаңыздың мәліметтерін, жеке басыңыздың мәліметтерін (жеке куәлік, сурет, төлем картаңыздың суретін, 3 сандық CCV кодын) жолдамаңыз.
2. Интернет арқылы сатып алынатын тауарлар үшін алдын ала төлем жібермеңіз.
3. Егер сіз жылжымайтын мүлік, көлік немесе тауар сатсаңыз төлемдерді қолма-қол алған дұрыс.
4. Егер тауардың, көліктің немесе жалға беру бойынша хабарландыруда алдын ала төлем жасау керек екені жазылса және байланыс тек WhatsApp желісі арқылы болса, электрондық төлем жүргізудің еш қажеті жоқ.
5. Түрлі мессенджерлер арқылы сізге сілтемелер келсе, ол алаяқтардың тұзағы болу әбден мүмкін.
6. Түрлі сайтта банк карточкаңыздың мәліметтерін жарияламаңыз. Бұл сіздің жеке мағлұматтарыңызды алуға арналған арнайы фишинг сайты болуы ықтимал.
7. Ғаламтор желісі арқылы ұйымдастырылатын ұтыс ойынына қатыспауыңыз керек.
8. Үлкен пайда әкелетін түрлі жобаларға ақша салмаңыз. Сізге басқа шетел абоненттік нөмірі арқылы хабарласып, биржаға, криптовалютаға ақша салуыңызды сұрауы мүмкін.
9. Егер сізге банк қауіпсіздік қызметінен хабарласса, банк қызметкерлері сіздің картаңыздың мәліметтерін немесе құпия сөз және код, сонымен қатар, алаяқтар түрлі телефон абоненттік нөмірін ауыстырып көрсететін домен арқылы хабарласулары мүмкін. Мұндай жағдайда телефон тұтқасын қоя салыңыз.





Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру жобаларын жүктеу

ҚЖМЖС қызметінің негізгі көрсеткіштерін жүктеу





Туу туралы куәлікті смс арқылы қалай рәсімдеуге туралы ақпаратты жүктеу


Жаңа коронавирус инфекциясы (COVID-19) ауруының белгілері әдеттегі (маусымдық) тұмауға ұқсас

Дене қызуы жоғары, бас ауруы, әлсіздік, жөтел, тыныс алудың қиындауы, иіс сезу қабілетінің төмендеуі немесе жоғалуы бұлшық еттердегі аурулар, құсу, жүрек айну, диарея.

Пациентке жадынама

Жаңа коронавирус инфекциясы эпидемиясы кезінде Сіз жедел респираторлық вирустық инфекцияны тасымалдайсыз. Талдау нәтижелерін алғанға дейін Сізде коронавирус инфекциясы бар-жоғын нақты анықтау мүмкін емес. Сондықтан сіздің жүріс-тұрысыңыз бен қабылдаған еміңіз басқаларға қауіпті болатын осы инфекцияның пайда болу тәуекеліне сәйкесуі керек.

Бүгінде сіз пациенттердің 80-85%-да байқалатын аурудың жеңіл түріне байланысты ем қабылдайсыз және ең алдымен, 7-10 күн ішінде Сіз сауығып өзіңізді жақсы сезінесіз. Бірақ Сіз кем дегенде 14 күн оқшаулау режимін сақтауды әрі қарай жалғастыруыңыз керек (далаға шықпаңыз, қонақ шақырмаңыз, жеке бөлмеде болыңыз, жаныңызда отбасының басқа мүшелері болмаған кезде бөлек тамақтаныңыз, маска киіңіз және оны күніне үш рет ауыстырыңыз, қолды жиі жуыңыз және дезинфекция ерітіндісімен сүртіп отырыңыз).

Сізде ас ішетін ыдыс-аяқ жеке болуы керек және тамақ ішіп болғаннан соң оны хлор ерітіндісімен (қарапайым ағартқыш немесе құрамында хлоры бар тұрмыстық химиялық зат) 90 градус температурада ыдыс жуғышта (бар болса) жуған жөн.

Оқшауланған бөлмеде тамақтанған дұрыс. Қолыңыз тиген барлық жерлерді хлор ерітіндісімен сүртіңіз. Бұл үстел, су шүмегі, есік тұтқалары, компьютер пернетақталары, пульттерге және басқа да заттарға қатысты. Мүмкіндігінше бір рет қолданылатын қолғаптарды киіп, ауыстыру қажет.

Қолыңызды бетіңізге тигізбеуге, қажет болған жағдайда сіңбіруге бір реттік қол орамалын пайдаланып, оны полиэтиленді пакетке салып, басқа қоқыстармен араластырмай тастау керек. Бөлмені желдетіңіз. Киім мен төсек-орындарды басқа заттармен бірге 90 градус температурада жууға болады, бірақ жуатын кезде қолғап кию керек.

Алынған талдау нәтижесі Сізге телефон арқылы 1-2 күн ішінде хабарланады.

Сіздің учаскелік дәрігеріңіз (аты-жөні мен телефон нөмірін жазу) Сізбен күн сайын телефон арқылы байланысады. Сіз күн сайын сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қоңырау шалып, сұрақтар қоюыңызға болады.

Түнгі уақытта жағдайыңыз нашарласа, 103 телефоны арқылы жедел жәрдем шақырасыз және бұл ретте Сіз COVID-19 инфекциясын жұқтырдым деген күдікпен үйде емделіп жатқаныңызды (немесе талдау оң нәтиже көрсетсе, осы инфекциямен ауырып жатқаныңызды) хабарлайсыз. Егер Сізді ауруханаға жатқызса, бұл туралы өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз.

Егер Сізде дене қызуы көтерілсе, әсіресе қалыпқа келу кезеңінен кейін ол жоғары болса, ентігу, кеуде ауруы және дем жетіспеуі, жөтел, жалпы жағдайыңыз нашарлаған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қоңырау шалу керек.

Егер Сіздің дене қызуыңыз жоғары (38 градустан артық) болса, күніне 3-4 рет 500 мг парацетамолды қабылдау ұсынылады. Дәрігердің тағайындауынсыз дене қызуын төмендететін өзге дәрі-дәрмектерді қабылдамаңыз. Көп сұйықтық ішуге тырысыңыз.

Егер Сіздің талдауыңызда жаңа коронавирус анықталса, қорқудың қажеті жоқ. Сіздің ем қабылдау процесіңіз айтарлықтай өзгермейді. Ауру жеңіл өту кезінде ешқандай арнайы шаралар қолданылмайды. Түрлі иммунокүшейткіш препараттарды, сондай-ақ алкогольді ішудің қажеті жоқ. Алкоголь иммунитетті төмендету қабілетіне ие және аурудың асқынуына ықпал ете алады. Қазіргі уақытта осы инфекцияны емдеу үшін тіркелген дәрілік препараттар жоқ.

Дәрігер телефон арқылы Сіздің жағдайыңызды бақылауда ұстайды. Сіз бұрынғыша оқшаулау режимін сақтайсыз және сауығып, қайта тест тапсыруыңызды күтесіз. Егер Сіздің талдауыңызда ауру анықталмаса (теріс нәтиже көрсетсе), өкінішке қарай, бұл Сізде коронавирус инфекциясының болуын жоққа шығармайды. Сондықтан Сіз өзіңізді бұрынғыдай сау деп санасаңыз да, 14 күн бойы оқшауланып, ем қабылдауды жалғастыруыңыз керек және талдауды қайта тапсыру қажет.

Сіз тұмауды емдеуге арналған құралдарды (мұрынға арналған тамшылар) пайдалана аласыз, сондай-ақ тамақ ауруы кезінде қолданылатын кез келген құралдарды (антиангин, септолет және т.б.) пайдалануға болады. Егер Сізбен бірге өзге де адамдар тұратын болса, бумен қолданылатын ингаляторларды және қандай да бір заттарды ортақ пайдалануға болмайды. Бұл олар үшін ауру жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін.

Егер Сіздің отбасы мүшелеріңіздің біреуі ауырып қалса, өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге қоңырау шалыңыз және бұл туралы хабарлаңыз.

Сіздің тестіңіз ауру бар екенін (оң нәтиже) көрсеткеннен соң сауығып шығып, талдау нәтижелері ауру жоқ екені (теріс екені) расталғаннан кейін сіз айналадағы өзге адамдарға ешқандай қауіп төндірмейсіз, қалыпты өмір салтын ұстана бересіз. Қайта ауырған жағдайлар тіркелген жоқ. Егер Сізде осы инфекция анықталмаса, онда Сізде жұқтыру қаупі сақталады және қаланың басқа тұрғындары сияқты барлық қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз керек.