Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

Күрделі жөндеу
20.10.2023
Күрделі жөндеу
"Сарыарқа" қосалқы станциясында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Жөндеу 4 айға созылды. Мерзімінде аяқталады. Кәсіпорынның мониторингтік тобы жөндеу жұмыстарының ағымдағы мәртебесін бағалады.
Толығырақ
Covid-19-ға қарсы вакцинация
20.10.2023
Covid-19-ға қарсы вакцинация
Кәсіпорында қызметкерлерге коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинация жүргізілді.
COVID-19 тез таралады, тіпті жас және сау адамдарда да ауыр аурулармен ауырып, өлімге әкелуі мүмкін. Вакцинация Covid-19 тудыратын вирустың таралуын тоқтатуға және топтық иммунитетке қол жеткізуге көмектеседі.
Толығырақ

Оразбаев Мұрат Бекайдарұлы – Директор

для сайта-2.jpg

Оразбаев Мұрат Бекайдарұлы 1976 жылы 9-қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қызылорда қаласындағы № 7 орта мектепті 1993 жылы бітіргеннен кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының емдеу факультетіне түсіп, оны 1999 жылы бітірді.

2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының хирургия бойынша дәрігерлерді жетілдіру факультет  интернатурасын бітірді.Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирург болып бастады.

2001-2008 жылдары Қызылорда қаласының Облыстық медицина орталығында дәрігер-реаниматолог-анестезиолог, токсикология және ГБО бөлімшесінің меңгерушісі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, бас токсиколог, Қызылорда облысы Денсаулық сақтау департаментінің бас реаниматологы болып жұмыс істеді.2009 жылдан бастап Астана қаласы Ұлттық медициналық холдингінің "Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы" АҚ-да еңбек қызметін жалғастырды.

2011 жылы ауруханалық басқарудағы іскерлік әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді (MD MBA).

Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы-дәрігердің, токсиколог - дәрігердің жоғары біліктілік санаты және анестезиолог-реаниматолог-дәрігердің сертификаты бар.

"Республикалық санитарлық авиация орталығы" ШЖҚ РМК директорының өңірлік даму жөніндегі орынбасары, ҚР ДМҰ«ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары.Қазақстан Республикасы жедел медициналық көмек қауымдастығының атқарушы директоры. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі ұлттық үйлестіруші.

Duke University (АҚШ), Parkway College (Сингапур), Acibadem Healthcare Group (Түркия) клиникаларында госпитальдық менеджмент бойынша мамандандырудан өтті.Bashkent University (Түркия) триаж-жүйесін ұйымдастыру бойынша мамандандырудан өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (Тайланд) төтенше жағдайларға ден қою бойынша жаттығулар мен тренингтерге қатысты. В.Склифосовскийдің атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институттан  клиникалық токсикология, реанимация және қарқынды терапия бойынша  мамандандырудан өтті. Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті ұйымдастыру және үйлестіру, нормативтік-құқықтық актілерді, ғылыми-техникалық бағдарламаларды, клиникалық хаттамаларды әзірлеу және мемлекеттік тапсырмаларды орындау тәжірибесі бар.Шұғыл медициналық көмек бойынша әдістемелік ұсынымдардың бірлескен авторы."Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін", "Жедел жәрдемнің үздік қызметкері" белгілерімен марапатталған, "Құрмет" орденінің иегері.

Сәдетхан Бота – Директордың медицина бөлімі жөніндегі орынбасары


Сәдетхан Бота - 1982 жылы 25 тамызда Моңғолияда дүниеге келген.

 2005 жылы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді. Академияны бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік медицина академиясының базасында «Терапия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. ЕМВА дәрежесі. – «Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру магистрі».

 2007 ж. қараша - 2009 ж. шілде - Астана қаласының «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК шығу бригадасының дәрігері;

2009 ж. қаңтар - 2012 ж. тамыз - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Бас әскери емхана» ММ жедел медициналық жәрдем бөлімшесінің дәрігері.

2012 ж. қазан - Астана қаласының «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК шығу бригадасының дәрігері;

2015 ж. қараша - Астана қаласының «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК аға дәрігері болып ауыстырылды;

2017 жылғы қаңтар - 2023 жылғы қаңтар аралығында Ақпараттық-жедел диспетчерлік бөлімнің меңгерушісі, сондай-ақ 2020 жылғы қыркүйектен бастап Сall-орталығы басшысының міндеттерін қоса атқару.

2023 жылғы 09 қаңтар  директордың медицина бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Марапаттары:

2019 жылы  Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан «Үздік қызметкер»  төсбелгісімен марапатталды. 

2021 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»  төсбелгісімен марапатталды.


Туякова Гульнар Кобжулқызы –  Директордың медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары

Туякова Гульнара Кобжулқызы - жоғары біліктілік санатты дәрігер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

2001 жылы Ақмола мемлекеттік медицина академиясының «Емдеу ісі» мамандығы бойынша түлегі. Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университеті (Қазақ гуманитарлық заң университеті) Заңтану мамандығы бойынша қосымша екінші жоғары білім алды. 2020 жылы «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» бағыты бойынша курсты аяқтады. 2001 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы астанасының Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында жұмыс істейді.

2001 ж. - Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының шығу бригадасының дәрігері;

2007 ж. - Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы қосалқы станциясы меңгерушісінің м.а.;2008 ж. - Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының мамандандырылған бригадалар бөлімінің меңгерушісі;

2009 ж. - Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

2013 ж. - Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының ақпараттық-жедел диспечерлік бөлімінің меңгерушісі;

2014 ж. - Астана қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

2018 ж. - Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары ретінде жұмыс істейді.

Израиль мен Ресейдің жетекші медициналық орталықтарында мамандандырудан өтіп, үздік тәжірибелермен танысты.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Үздік қызметкер», «Астана 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

Бірнеше рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің алғыс хаттарымен марапатталған.


Айтенова Жанслу Бексаитқызы - Директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары

IMG_6774.jpgАйтенова Жанслу Бексаитқызы – 1967 жылы 18 қарашада туған, Алматы Экономика және статистика академиясын қаржы және кредит мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі - экономист.

Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл

Еңбек жолын 1986 жылы «Сельхозхимия» РПО нормалаушы-бухгалтерінен бастады, 1987-1988 жылдары Петропавл қаласы ауданында бухгалтер, 1988-1995 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баянауыл совхозының есеп айырысу үстелінің бухгалтері, 1995-1998 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Баян ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2000 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы» ММ Әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің маманы, 2002 жылы - әлеуметтік және демографиялық статистика бөлімінің 2 санатты орта деңгейдегі аға маманы, 2002-2004 жылдары - Петропавл қалалық статистика бөлімінің 2 санатты орта деңгейдегі аға маманы, 2004-2005 жылдары – «Солтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы» ММ Петропавл қаласының статистика бөлімі бастығының міндетін атқарушы. Өзінің еңбек жолын «Солтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті» ММ-де жалғастырды, 2005 жылы Ұлттық шоттар және қаржы статистикасы бөлімінің маманы, 2006 жылы кәсіпорындардың қаржы статистикасы бөлімінің жетекші маманы, 2007-2009 жылдары кәсіпорындардың қаржы статистикасы бөлімінің бас маманы, 2010 жылы қаржы бөлімінің бастығы, 2011 өзара сауда статистикасы бөлімінің бастығы, 2012 Петропавл қаласының статистика басқармасының бастығы, 2013-2014 өзара сауда статистикасы басқармасының басшысы.

2014 жылдан 2019 жылға дейін «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы, 

2019-2020 әкімшілік департаментінің директоры.

2020 жылғы ақпан-2021 жылғы наурыз - ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК қаржы-экономикалық қызметінің басшысы.

№ 0000728 кәсіби бухгалтер сертификаты бар.

Марапаттары: 

1) ҚР Статистика агенттігінің Құрмет грамотасы «Қазақстанның мемлекеттік статистика органының 90 жылдық мерейтойына байланысты және ҚР статистикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін»

2) Алғыс хат «Медицина қызметкері күніне орай халықтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі және адал еңбегі үшін»

3) «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» №0249 төсбелгісі (2019 жылғы 27 мамырда берілген, №245 бұйрық).


Малиновская Лариса Николаевна - Бас фельдшер

IMG_7297 сайт.JPGМалиновская Лариса Николаевна  30.03.1968 ж.т.

Білімі: орта-арнайы. 1987 жылы Атбасар медициналық училищесін «Фельдшер» мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы жоғары біліктілік санаты берілді. «Эмили» медициналық орталығы. Мейіргер ісі институты 2007ж. «Мейіргер - менеджер» мамандығы бойынша, үздік бітірді.

Еңбек қызметі:

1987 жылдан бастап 2003 жылға дейін – ФАП меңгерушісі.

2003 жылдан бүгінгі күнге дейін – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының» МКК бас фельдшері.

Марапаттары мен алғыстары:

2017 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің алғысы.

2018 жылы «Астана 20 жыл» медалімен марапатталды.

2019 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы.

2020 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің грамотасы.


Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК

Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Азаматтарды қабылдау уақыты: 

Директор Сейсенбі, Сәрсенбі - 15:00 - 17:00

Директордың медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Сәрсенбі 14:00-16:00

Директордың экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Бейсенбі 15:00 - 17:00

Қабылдау бөлімі: +7 (7172) 70-11-81

Кеңсе: +7 (7172) 70-11-96

Кадрлар бөлімі: +7 (7172) 70-11-85, 70-56-99

Ақылы қызметтерге арналған телефон: +7 (7172) 70-57-03

Сенім телефоны: +7 (7172) 20-55-15

Ресми сайты: 103-astana.kz

Электрондық пошта: skoray_astana@med.mail.kz

Call –орталығы: iKOMEK109

Автобустар: 12, 40, 41, 51, 53