| |
Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы.
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы балалар мен ересек тұрғындарға, өмірдің қауіпті жағдайларында, жазатайым жағдайларда, жедел ауыр аурулар кезінде, оқиға орнында да, жол жүру уақытында да тәулік бойы жедел медициналық жәрдем көрсететін емдеу-алдын алу мекемесі болып табылады.Медициналық жәрдем тікелей қосалқы стансаға келген науқастар немесе оның туысқандарына көрсетіледі.
Барлық медициналық жұмыскерлерінің «жедел медициналық жәрдем» дәрігері немесе фельдшері мамандығы бойынша маман куәліктері бар, 67% дәрігер және 41% орта медициналық қызметкерлердің жоғары және бірінші санаттары бар.
Тәулік сайын әртүрлі бағыттағы 40 шақыру бригадалары жұмыс жасайды, соның ішінде: дәрігерлік бағыттағы мамандырылған бригадалар (кардиореанимациялық, қарқынды емдеу бригадалары және педиатриялық), сонымен қатар фельдшерлік: ұсынылған фельдшерлік және тасымалдау бригадалары.
Тәулік сайын Орталық қосалқы стансасының оперативті бөліміне 103 телефоны бойынша 700-800 шақырулар түседі. Барлық шығу бригадалары сенімді радиобайланыс құралдарымен, заманауи медициналық құрылғыларымен-дефибрилляторлармен, электрокардиографтармен, пульсоксиметрлермен, глюкометрлермен және де басқа құрал жабдықтармен жабдықталған.
 
|
|
|