Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Нұр-Сұлтан қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

«Айтарым бар» бағдарламасы
22.06.2021
«Айтарым бар» бағдарламасы
Бүгін Қалалық жедел жәрдем қызметінің жұмыскерлері фельдшер - Махаматова Оразгуль, диспетчер - Бекетаева Акмарал, жүргізуші - Дүйсенов Даурен «Айтарым бар» бағдарламасына шақырылды.
Тікелей эфирде құрметті қонақ ретінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұратов Тимур Мұратұлы қатысып, өз атынан бағдарлама кейіпкерлеріне Алғыс хат пен гүл шоқтарын ұсынды.
Өз құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қарақат Әбілдина ән ретінде сыйлап, қонақтарды қуантты.
Толығырақ
ТЖД бригадаларының қатысуымен қосалқы станциялардың бригадалары арасындағы жарыс
17.06.2021
ТЖД бригадаларының қатысуымен қосалқы станциялардың бригадалары арасындағы жарыс
Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу құрметіне Кәсіпорында ТЖД бригадаларының қатысуымен қосалқы станциялардың бригадалары арасында жарыс өтті. Бригадалар халықаралық стандарттар (BLS, ACLS, PALS, PhTLS, триаж) негізінде ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Бұл стандарттар суға бату, жол қозғалысы, анафилактикалық шок және көп зардап шеккен адамдары бар апаттар сияқты төтенше жағдайларда өңделді. Байқау кеңесінің төрағасы К.К. Кулмуканов, директор М.Б. Оразбаев және кәсіподақ өкілдері салтанатты түрде карантиндік талаптарды сақтай отырып, жарысқа қатысушыларға марапаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Толығырақ
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездесу
07.06.2021
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездесу
Кәсіпорын базасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде жедел медициналық жәрдем қызметін цифрландыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ЖМЖ бригадаларын отандық өндірістің планшеттерімен жабдықтау мәселелері талқыланды. Кездесуде планшеттердің қажеттілігі мен техникалық сипаттамалары анықталды. Кездесу қатысушылары Кәсіпорынның диспетчерлік қызметі мен ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.
Толығырақ

Байқау кеңесі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Байқау кеңесінің құрамы.


Байқау кеңесінің төрағасы: 

Безымянный.jpg

Кулмуканов Каршига Какешевич 

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі (ЖК мен ЗТБ) филиалының атқарушы директоры.Целиноград мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша (1972); «хирургия» мамандығы бойынша интернатураны (1973) бітірген.

Еңбек өтілі:

1972-1973 жылдар - Целиноград облыстық ауруханасының интерн дәрігері;

1973-1978 жылдар – Целиноград облыстық ауруханасының травматология бөлімшесінің ординатор дәрігері;

1978-1992 жылдар – Целиноград облыстық ауруханасының травматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі;

1992-1996 жылдар – Целиноград облыстық атқару комитетінің Денсаулық сақтау бөлімінің бірінші орынбасары;

1996-1998 жылдар -  ҚР Үкіметі жанындағы медициналық сақтандыру қорының Ақмола бөлімшесінің директоры (ӘМСҚ);

1998-1999 жылдар - ҚР Үкіметі жанындағы Астана қалалық ММС директоры;

1999-1999 жылдар - Астана қ. медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығының бөлімше директоры;

1999-2000 жылдар - Астана қаласы медициналық қызметтер басқармасының бастығы;

2000-2004 жылдар -  Астана қаласының Денсаулық сақтау департаменті директорының бірінші орынбасары;

2004-2013 жылдар - Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 2 қалалық балалар ауруханасы» МКҚК бас дәрігері;

2013-2015 жылдар – «Астана» Оқу-клиникалық орталығы»  ЖШС директорының орынбасары;

2015 жылдан бастап – «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі (ЖК мен ЗТБ) филиалының атқарушы директоры.

«Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» және «балалар травматологиясы және ортопедиясы» мамандықтары бойынша 3 аттестациялық мерзімдегі жоғары біліктілік санаты бар; Астана қаласы қалалық мәслихатының екінші және бесінші шақырылымының депутаты, Астана қаласы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы болған. 2012 жылы «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі болып сайланды. ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі»; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» төс белгілерімен марапатталған»; «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»; «Белсенді қызметі үшін»; «Құрмет», «Парасат» ордендерімен; Құрмет грамоталарымен: Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Парламенті Палаталары төрағаларының; Қазақстан Республикасы Премьер Министрі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталған.


Члены Наблюдательного совета:


Рустемова Алия Шайзадаевна

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. Медицина ғылымдарының докторы, жоғары біліктілік санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы. Алматы мемлекеттік медицина институтын, емдеу ісі мамандығы бойынша (1992); І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, қаржы мамандығы бойынша бітірген (2007).

Еңбек өтілі:

1993-1994 жылдар - Алматы қ. № 5 ҚКА терапиялық бөлімшесінің дәрігер-ординаторы;

1994-1996 жылдар - Қазақ кардиология ҒЗИ базасында клиникалық ординатурада оқу;

1996-1999 жылдар - Қазақ мемлекеттік медицина университеті базасында аспирантура;

2001-2005 жылдар  - Талғар ауданы бас дәрігерінің орынбасары;

2001-2005 жылдар - Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас терапевті;

2005-2009 жылдар - Алматы облысының медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің департаменті лицензиялау, аттестаттау және аккредиттеу бөлімінің бастығы: директордың орынбасары;

2009-2010 жылдар - Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің департаменті директоры;

2011-2012 жылдар - Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары;

2011-2012 жылдар - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры;

2012-2015 жылдар - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми хатшысы;

2015-2017 жылдар - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;

2017-2018 жылдар - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;

2018 жылдың маусым айынан бастап - Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

«ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің, Алматы және Қызылорда облыстары әкімдерінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.

 

  

Безымянный3.png

Мусина Райхан Рысхановна

«Астана» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС Бас директоры. Медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар. Семей мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша (1990), «Терапевт» мамандығы бойынша интернатураны (1991), «Клиникалық иммунология» мамандығы бойынша мақсатты аспирантураны (1998) аяқтады, «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (2000); шұғыл педиатриядағы симуляция бойынша халықаралық курс; «Медицинадағы инновациялық оқыту технологиялары», Мәскеу, Ресей, (2013, 2014); BLS (бала мен ересек пациентке шұғыл көмек көрсету тактикасы), ACLS (жүрек-қантамыр қызметінің жіті бұзылулары және жүрек тоқтауы кезіндегі қарқынды терапия алгоритмдері), Баку, Әзірбайжан, (2015); «Шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету», Друскининкай қ., Литва (2016).

Еңбек өтілі:

1990-1991 жылдар - Семей қаласының Орталық қалалық ауруханасының дәрігер-интерні;

1991-1992 жылдар - Семей қаласының «Жедел жәрдем» орталық қосалқы станциясының шығу желілік бригадасының дәрігері;

1992-1994 жылдар - Семей облысы ІІБ емханасы бар госпитальдің ординатор дәрігері;

1994-1998 жылдар - Семей мемлекеттік медицина академиясының Павлодар дәрігерлер білімін жетілдіру факультетінің күндізгі аспирантурасында аспирант;

1998-2001 жылдар - Павлодар дәрігерлердің білімін жетілдіру факультетінің клиникалық иммунология және ішкі аурулар кафедрасының ассистенті;

2001-2005 жылдар - Семей қ. «Радиациялық әсерлерді зерделеу және еңсеру орталығы» ҚБ ғылыми қызметкері (Қазақстан мен Жапония Үкіметтерінің бірлескен жобасы);

2005-2007 жылдар - ҚР ДСМ медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы талдау және бақылау бөлімінің бас маманы;

2007-2008 жылдар - Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің бас маманы;

2008 жылдың шілдесінен бастап – «Астана» оқу-клиникалық орталығы» ЖШС Бас директоры.

ҚР газеттері мен ғылыми-практикалық журналдарында 10-нан астам мақалалардың авторы. ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған».


   

Балтабай Марзия Аппаскызы

«Құқықтық зерттеулер және талдау орталығы» ЖШС ғылыми кеңесшісі. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (Қар.МУ), Құқықтану (1984).

Еңбек өтілі:

1977-1979 жылдар - жергілікті атқарушы органдарда хатшы-машинистка;

1979-1984 жылдар – Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінде оқу;

1984-2000 жылдар - Целиноград облыстық адвокаттар алқасының адвокаты;

1990-1996 жылдар - Торғай облыстық сотының судьясы;

1996-2011 жылдар - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;

2011-2012 жылдар  - «Темеш» ЖШС бас заңгері;

2012-2015 жылдар – «Құқықтық зерттеулер және талдау орталығы» ЖШС ғылыми кеңесшісі;

2015-2017 жылдар  - «Ресей Сбербанкі» АҚ ЕБ филиалы заң бөлімі бастығының орынбасары;

2017-2018 жылдар - Алматы қ. «Ресей Сбербанкі» АҚ ЕБ орталық кеңсесінде жеке шарт бойынша заңгер;

2018 жылдан бастап «Құқықтық зерттеулер және талдау орталығы» ЖШС ғылыми кеңесшісі;

Астана қ. «КаспийБанк» АҚ филиалының заңгер-сарапшысы; 2018 жылдан бастап Атамекен ҚР ҰКП Төрелік орталығының мүшесі; адвокат лицензиясы, медиатор сертификаты бар.

 

 Ахильбеков НС.jpg

Ахильбеков Нурлан Салимович 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы PhDr ғылыми дәрежесі., (Қоғамдық денсаулық сақтау), «ҚАЗМЗУ Университеті» АҚ Бизнес - мектебі, Астана қ. (МВА, денсаулық сақтаудағы менеджмент), Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (педиатрия), «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетін (Қаржы) бітірген.

Еңбек өтілі:

1993-1996 жылдар - Арқалық қ., Торғай облыстық ауруханасында балалар реаниматор-инфекционист (дипломнан кейінгі практика);

1996-1998 жылдар - Торғай облысы Арқалық қ. реаниматолог-анестезиолог дәрігері;

1998 – 2002 жылдары - Көкшетау қ., Перинаталдық орталығының анестезиолог дәрігері;

2002-2005 жылдары - Ақмола облысы, Егіндікөл ОАА Бас дәрігері;

2005-2006 жылдар – ҚР ДСМ медициналық қызмет сапасын бақылау комиетінің  Солтүстік Қазақстан  басқармасы, медициналық қызметтердің  сапасын сараптау және стандарттардың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы, Петропавл қ.;

2006-2008 жылдар -  ҚР ДСМ медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің бастығы, Петропавл қ.;

2008-2009 жылдар -  аға дәрігер, СҚО Қызылжар ауданының Пеньков аудандық емханасы 2009 ж. ақпан – 2009 ж. желтоқсан - Директор, «Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Солтүстік Қазақстан аумақтық Апаттар медицинасы орталығы» ММ, Петропавл қ.;

2009-2011 жылдар - ҚР ДСМ СҚО әкімдігінің «Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы» КМҚК директоры, Петропавл қ.;

2011-2013 жылдар -  Жедел медициналық көмек орталығының басшысы, «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ, Астана қаласы;

2013 жылғы шілде - 2013 жылғы қазан ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК медициналық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары;

2013 жылғы қазан - 2016 жылғы ақпан, ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК директоры;

2016 жылғы ақпан – 2017 жылғы шілде ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары;

2017-2020 жылдар -  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры;

2020 жылғы шілде - 2020 жылғы тамыз ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының м.а.;

Марапаттары:

2008 ж. ҚР халқының денсаулығын қорғау ісіндегі ерекше еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгімен марапатталды;

2012 ж. -  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.


   

Панченко Денис Валерьевич 

Еңбек өтілі:

21.02.2011 – 15.07.2014 жж. - «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ бас маманның м.а., бөлімнің бас маманы;

28.05.2013-31.12.2013 жж. - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы ШЖҚ КМК қоса жұмыс атқаратын оқытушы;

16.07.2014 – 02.08.2015 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы;

03.08.2015 – 10.03.2019 жж. - «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, одан кейін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс, мемлекеттік тілді басқарудың және дамытудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің басшысы»;

11.03.2019 – 15.03.2020 жж. - «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы;

16.03.2020 ж.- қазіргі уақытқа дейін – «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ стратегиялық даму және жобаларды басқару бөлімінің басшысы.

Марапаттар мен көтермелеулер:

09.2015 ж. - Солтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен марапатталды;

06.2016 ж. - «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптама қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ алғыс жарияланды;

12.2016 ж. – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ Құрмет грамотасымен марапатталды;

05.2017 ж. - «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» ШЖҚ КМК алғыс хатымен марапатталды;

03.2019 ж. – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ алғыс хатымен белгіленді;

12.2019 ж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хатымен белгіленді;

05.2020 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған;

07.2020 ж. - Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хатымен белгіленді;

09.2020 ж. – «Халық алғысы» медалімен марапатталған;

12.2020 ж. – «Астана медицина университеті» КЕАҚ ректорының алғыс хатымен белгіленді.


Ахметбеков Габдулла Социалович – Байқау кеңесінің хатшысы.