Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Директор
блогы



Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК Директоры
Директорге жазу
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Сайтқа көшу
25.10.2019

2019 жылдың 25 қазанында "ҮЗДІК ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ" атты кәсіби шеберлік байқау ұйымдастырылды

2019 жылдың  25 қазанында Нұр-Сұлтан   қаласы әкімдігінің ШЖҚ «ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ» МКК (бұдан әрі-Кәсіпорынның) орталық станциясында  "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" мемлекеттің бағдарламасын 2020 жылға орындау мақсатында және көлік  қызметкерлері  күніне орай  Жедел медициналық жәрдем шығу бригадаларының  автокөлік жүргізушілер арасында ұйымдастырылған  "ҮЗДІК ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІК  ЖҮРГІЗУШІСІ"  атты  кәсіби шеберлік байқау  Әдістемелік-ұйымдастырушы бөлімінің басшысы Шалов Еділ Дүйсенбекұлының және Кәсіподақ ұйымының төрайымы Абуова Раиса Қайырбекқызының басшылығымен ұйымдастырылды. Байқауды бас дәрігердің міндетін атқарушы Баянбаев Арман Сейітқанұлы салтанатты түрде  ашты.
Байқау 5 турдан өтті. I тур- жоғары жылдамдықтағы маневр жасау, авотұраққа көлік қою техникасы артқы жүріспен қозғалыс бойынша тапсырманы уақытқа орындауда және  II тур-уақытында автомобиль дөңгелегін ауыстыру; III тур-Жол қозғалысының ережелері туралы білімдерін тексеруге Жол полиция басқармасынан майор  Қордабаев Марат Ерғазыұлы, аға лейтенант полициясы  Гафиз Сүгірәлиев Бейбітұлы,  аға лейтенант полициясы  Балтабаев Самат  және Ішкі істер Департамент полициясының  корреспонденттері қатысты. IV тур-қала бойынша топографиялық білімді бағалау;V тур - теориялық білімді бағалау, яғни жедел медициналық жәрдем көрсетудің практикалық дағдысы (жүрек-өкпе реанимациясы) – манекенде көрсету, құрал-жабдықтарға түсініктеме беру, құралдарды пайдалану техникасын көрсету. Байқауға Сергеев Андрей, Нурбаев Алижан, Конакбаев Бакытжан, Мустафин Ануар, Көксеген Еркін, Капаров Гомар, Әлмағанбетов Сәтбек, Есенов Ерлан атты автокөлік жүргізушілер қатысты. Қосалқы станция  меңгерушілері  және аға фельдшерлер өздерінің үміткерлеріне қолдау көрсету тобымен қамтамасыз етті. Байқауда автокөлік жүргізушілер берілген тапсырманы орындауда кәсіптік мол тәжірбиелерін, жол ережесін сақтай отырып  сауатты іс-қимылмен жылдамдықтарын, жұмысқа деген жауапкершіліктерін көрсетті.Байқаудың қорытындысы бойынша І орынды «Сарыарқа» қосалқы станциясының автокөлік жүргізушісі Әлмағанбетов Сәтбек,  ІІ орынды «Сарыарқа» қосалқы станциясының автокөлік жүргізушісі Көксеген Еркін, ІІІ орынды «Байқоңыр» қосалқы станциясының автокөлік жүргізушісі   Сергеев Андрей жеңіп алды. «Ең жылдам автокөлікші», «Құтқарушы автокөлікші», «Қауіпсіздік ережесін ең үздік орындаушы» номинациясын жеңіп алған жеңімпаздарға және белсене қатысқандарға    ақшалай сыйлық тапсырылды. Марапаттау салтанат кешінен кейін,  мерекелік  дастархан жайылды.
Елмен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласындағы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!!!  Өмірлеріңіз тек кедергісіз, қиындықсыз  тегіс жолмен әрқашан  бағдаршамның  жасыл жарығы жарқырасын, тежегіштеріңіз  сәтсіздікке жол бермесін!!!

Тізімге қайта оралу