Кәсіпорында бүгін қонақта «ЕСІЛДІҢ ЕРКЕ ҚЫЗЫ», қазақтың қоғам қайраткер қыздарының бірі -Нұрқанова Қазина апамыз келді. Ол қазіргі уақыттағы өзекті мәселе адамдардың тәлім-тәрбиесін, медицина саласын да тілге тиек етті.
Қазина Нұрқанова - қазақтың қайраткер қыздарының бірі, оның бойындағы ізгілік пен қарапайымдылық, адалдық пен адамгершілік, іскерлік қасиеттері туралы ұзақ әңгіме етуге болады.
Қазина Нұрқанова - «өмірінің ағысын өлең өзенінің арнасына салған, көркем бояулармен кестелеп» (З.Әкімжанов) ғажайып жырлар жазған атақты ақын Жарасбай Нұрқанов ағамыздың жан-жары.
Жарасбай аға дүниеден озғаннан кейін Қазина Сәдуақасқызы оның «Қызылжар» (2012 жыл) және «Көкжиек» (2013 жыл) деп аталатын екі өлең жинақтарын баспадан бастырып шығарды. Өмірден өткен, «Ақын – ерлік пен ар-намыстың жаршысы!» деген жалынды сөздерін соңына қалдырған, сүйікті жары Жарасбай ағаның жоқтаушысы да бола білді.