Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ КҮНІМЕН!
19.08.2025
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ КҮНІМЕН!
Құрметті жедел медициналық жәрдем жүргізушілері!
Толығырақ
ҚАЗАҚСТАНДА 10 – ТАМЫЗДА АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ
10.08.2025
ҚАЗАҚСТАНДА 10 – ТАМЫЗДА АБАЙ КҮНІ АТАП ӨТІЛЕДІ
Биыл еліміз қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, композиторы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын атап өтуде.
Толығырақ
❗ ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМДЫ ОРНЫНАН ҚОЗҒАМАҢЫЗ!
31.07.2025
❗ ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМДЫ ОРНЫНАН ҚОЗҒАМАҢЫЗ!
❗Егер биіктіктен құлау жағдайының куәсі болсаңыз — зардап шеккен адамды көтеруге немесе орнынан қозғауға болмайды!
Толығырақ

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Директоры лауазымына конкурс жариялау

                                                                                                                                                                                                                                                                                                    18.09.25

ХАБАРЛАНДЫРУ

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымын иелену жөніндегі конкурс

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Байқау кеңесі (бұдан әрі — Байқау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директорының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілу күні мен орны: 2025 жылғы 19 қыркүйектен 2025 жылғы 04 қазанға дейін сағат 17:00-ге дейін — Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК (бұдан әрі — Кәсіпорын).
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Т. Рысқұлов көшесі, № 8/1, Кәсіпорын ғимараты. Пошта индексі: 010000.

Байланыс телефондары: 8(7172)70-56-99

Электрондық пошта: <office@103-astana.kz> <skoray_astana@med.mail.kz>

Кәсіпорын қызметінің қысқаша сипаттамасы

Кәсіпорын қызметінің мәні — денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Кәсіпорын қызметінің мақсаты — халыққа «Жедел медициналық жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету.

Мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. шақыруларды қабылдау және жедел медициналық жәрдем бригадаларын ақпараттық жүйелер арқылы басқару;
  2. диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес тәулік бойы уақтылы және сапалы жедел медициналық жәрдем көрсету;
  3. жедел медициналық жәрдем станциясына тікелей жүгінген науқастар мен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету;
  4. халыққа жедел медициналық көмек көрсету бойынша медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету;
  5. медициналық ұйымдарға және халыққа жедел медициналық жәрдем көрсету мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
  6. қызмет көрсету аймағындағы барлық төтенше жағдайлар мен өндірістік жарақаттар туралы денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарын және тиісті органдарды хабардар ету;
  7. төтенше жағдайлардың салдарын жоюда сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу;
  8. мәдени-бұқаралық, қоғамдық және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету, оның ішінде ақылы негізде;
  9. пациенттерді тасымалдау бойынша ақылы медициналық қызметтер көрсету.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:

— Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік-шаруашылық және қаржылық экономикалық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдер, мүліктің сақталуы мен оны тиімді пайдалану, сондай-ақ қызметтің қаржылық-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауапкершілік атқарады;

— ұйымның саясатын, қызмет стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін айқындайды;
— көрсетілетін көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге және олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған персонал жұмысының ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және жетілдіруді қамтамасыз етеді;
— ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың әрекеттерін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамыту мен жетілдіруге бағыттайды;
— ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
— ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
— әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, еңбек тәртібін сақтауға жәрдемдеседі, қызметкерлердің еңбек уәждемесі, бастамашылдығы мен белсенділігін дамытады;

— санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу мен бағалау жұмысын үйлестіреді, адамның денсаулығына теріс әсер ететін басым факторларды айқындайды;
— санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды;
— гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне, санитариялық қағидалар мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуына жедел және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады;
— ұйым қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде қаржылық-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде;

— қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды;
— өз құзыреті шегінде барлық қызметкерлер үшін міндетті болатын өкімдер мен бұйрықтар шығарады;
— ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді;

— медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптар, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың қағидаларының, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;

— ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығын сипаттайтын өлшемшарттар мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін және денсаулық сақтаудағы басқару жүйесін, санитариялық ағартуды, халықты гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру қағидаттарын, адамның тіршілік ету ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын.

Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптары:

— «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (сертификат);

— немесе «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» не «Бизнес және құқық» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA не full-time (Фултайм) дәрежесі;

— немесе «Бизнес, басқару және құқық» бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA не full-time (Фултайм) дәрежесі;

— жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық білім;

— денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

— басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Конкурс бос лауазымға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласында бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар 2025 жылғы 19 қыркүйектен 2025 жылғы 04 қазанға дейін сағат 17:00-ге дейін қабылданады.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер не еңбек өтілін растайтын өзге құжат;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 04 қарашада № 21579 тіркелген);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
  • тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамағаны туралы мәлімет.
  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін құжаттарды хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде Кәсіпорынға жолдайды.
  2. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей мөрленген конвертте ұсынылады. Ұсынбаған жағдайда адам әңгімелесуге жіберілмейді.
  3. Үміткер біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми дәрежелер мен атақтар, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
  4. Байқау кеңесі ұсынылған құжаттарды денсаулық сақтау ұйымдары басшыларына қойылатын біліктілік талаптарына — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 72 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып — және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларындағы талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде үміткерлерді әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды. Нәтижелері бойынша хатшы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады.
  5. Әңгімелесуге жіберілмеген қатысушылар бұл туралы хатшы арқылы шешім қабылданғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
  6. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі олармен әңгімелесуді шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өткізеді. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдарының көмегімен тіркеледі.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Кәсіпорынды дамыту жөніндегі презентация;
  2. Кандидаттың құзыреттілігін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту жөніндегі презентация барысында кандидат Кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасап, оларды шешу жөніндегі ұсынылатын шараларды ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде денсаулық сақтау саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілер, саланың мемлекеттік бағдарламалары, өзекті проблемалары және оларды шешуге қабылданып жатқан шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

р/с

    Лауазымы
                                Білімі
Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, саласы, және т.б.)
Бірлік
 1.
Шығу бригаданың дәрігері
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты «Жедел және шұғыл медициналық көмек»
Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес медицина саласындағы еңбек өтіліне немесе жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды
   
    2. Шығу бригаданың фельдшері «Емдеу ісі» немесе «Акушерлік іс» мамандығы бойынша кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) медициналық білімі немесе «Емдеу ісі» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру және маман сертификатының болуы Шұғыл жағдайларда, өмірге қауіп төндіретін ауру кезінде медициналық көмек көрсету бойынша даярлықтан өткен, реанимация әдістерін меңгерген, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды  
    3. Шығу бригаданың жүргізушісі Жоғары кәсіптік білім немесе орта-арнайы білім, автомобильді басқару құқығы, 1,2 сыныптылықтың болуы Автокөлік жүргізушісінің еңбек өтілі 3 жылдан кем емес  


Әңгімелесу өткізу кестесі

Әңгімелесуге конкурсқа жіберу туралы шешім



Адам ресурстарын басқару бөлімі

Телефондары: +7 771-020-73-13, 70-56-99



Электрондық пошта: skoray_astana@med.mail.kz,  hr@103-astana.kz