Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өтті
31.10.2024
өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өтті
Бүгін Кәсіпорында Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қатысуымен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өтті
Толығырақ
Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
10.10.2024
Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Толығырақ
Бүгін Кәсіпорында Қазақстанда АЭС дамыту
04.10.2024
Бүгін Кәсіпорында Қазақстанда АЭС дамыту
Бүгін Кәсіпорында Қазақстанда АЭС дамыту бойынша жиналыс өтті.
Толығырақ

Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-да пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің бөлімі (ПҚ ІСҚ) ұйымдастырылды.

ПҚ ІСҚ бөлімі жұмысының негізгі бағыттары:

1. Пациенттердің проблемаларын (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай және 5 күннен аспайтын мерзімде, оларға сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, сол жерде шешу;

2. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жай-күйі мен оларды пайдалану тиімділігін бағалау;

3. Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (ретроспективті талдау) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау»;

5. Жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау ПҚ ІСҚ бөлімінің функцияларына жатады.

Сіз ПҚ ІСҚ-не жүгінуге құқылысыз, егер:

·  көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;

·  медициналық қызметкерлердің дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;

· тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;

·  егер медициналық көмек көрсету тәртібіне байланысты проблемалық мәселелер туындаса.

 Сондай-ақ, Сізге ыңғайлы болу үшін біз Сізге пациенттерді қолдау қызметіне жүгінудің бірқатар басқа тәсілдерін ұсынамыз:

Сіз:

·  әр қосалқы станцияның бірінші қабатында орналасқан «шағымдар мен ұсыныстар жәшігінде» Сіздің толық атыңызды (аты-жөніңізді) және байланыс деректеріңізді (ұялы және үй телефонының нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы) көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыра аласыз.

·  біздің сайтқа жүгіну және өз өтінішіңізді қалдыра аласыз: www.103-astana.kz

· өз өтінішіңізді Астана қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында – «iKOMEK109» 109 нөмірі бойынша қалдыра аласыз.

ПҚ ІСҚ Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген мерзімде қарайды және жауап береді.

Тел: +7 (7172) 20-55-15 пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің басшысы