Версия для слабовидящих
Обычная версия
x
+
-
Вкл/Выкл
Скрыть/Показать
Вкл/Выкл
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК
Астана қаласы,
Т. Рысқұлов көшесі, 8/1

Бірыңғай Call-орталығы:

iKOMEK109

Единый Сall-центр службы 103

Жұмыс уақыты

ТӘУЛІК БОЙЫ


Вакцинация - бұл Сіздің балаңызды дерттен сақтану құқығы!

МӘМС

(Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру)

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі
Сайтқа көшу
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Сайтқа көшу

Жаңалықтар

05.06.2023
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы анонс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл туралы» ҚР Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК Директорының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 281-Ө бұйрығымен Кәсіпорында 2022 жылғы 1 маусымнан 2023 жылғы 31 мамырға дейінгі қызметі кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тағайындалды.
Өткізу күні 2023 жылғы 1-30 маусым аралығында.
Толығырақ
1406 --- 1414
05.06.2023
1406 --- 1414
Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалы (бұдан әрі-Филиал) "жоғалған" қоңыраулардың үлесін қысқарту және халыққа МӘМС және медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультациялар беру мүмкіндігін арттыру үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығын ұсынады. 1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды және жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтінішті тереңірек түсіндіру қажет етсе, онда қоңырау Қорға және медициналық ұйымдарға жолданады.
Толығырақ
Мемлекеттік рәміздер күні
04.06.2023
Мемлекеттік рәміздер күні
Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының ұжымы атынан елорда тұрғындарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздері күнімен құттықтаймыз!
Толығырақ

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!